Өткен тәулікте Қазақстанға шетелден келген 3 023 жолаушының барлығында анықтама болған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 3 мамырында Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Беларусь, Грузия, Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Өткен тәулікте 3 023 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 627 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 711 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 517 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 168 жолаушы.

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.


Соңғы жаңалықтар