Өткен тәулікте Қазақстанға 47 халықаралық әуе рейсі келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Грузия, Түркия, Египет, Қытай, Үндістан, Әзірбайжан, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 47 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы ҚазАқпарат Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен тәулікте 6 370 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 21 рейс, 2 878 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 13 рейс, 1 710 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 242 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына - 6 рейс, 722 жолаушы;

Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 40 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, 238 жолаушы;

Орал қаласының әуежайына - 2 рейс, 392 жолаушы;

Түркістан қаласының әуежайына - 1 рейс, 148 жолаушы;

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.



Соңғы жаңалықтар