Өткен тәулікте Алматы облысында 34 адамнан коронавирус анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында 34 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соның ішінде Талдықорған қаласында 14 жағдай, Алакөл ауданында – 5, Қарасай және Панфилов аудандарында 3 жағдайдан, Қаратал, Талғар және Ұйғыр аудандарында 2 жағдайдан, Ақсу, Іле аудандары мен Текелі қаласында 1 жағдайдан тіркелді.

Сондай-ақ өткен тәулікте 41 адам емделіп шықты. Өңір «жасыл» аймақта.

«29.11.2021 жылғы жағдай бойынша өңірде 829 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 46 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны – 1790. Соңғы 3 күнде 5612 адамның коронавирустық сынамалары зертханаларда тексерілді»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 856 345 адам. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 656. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 782 802. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 663 адам.


Соңғы жаңалықтар