Өткен ғасырдағы ашаршылық жайлы фильм түсіріле бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде «Өліара» атты тарихи фильмнің түсірілімі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Кеше «Қазақфильм» киностудиясының өндіріс жөніндегі вице-президенті Айдар Баталов «Өліара» фильмінің түсірілім алаңында болып қайтты.

Қазіргі таңда түсірілім жұмыстары Алматы облысында жүріп жатыр.

Венгриялық режиссер Тамаш Тоттың «Өліара» фильмі 30-жылдардағы қазақ даласындағы ашаршылық туралы баяндайды.

Режиссердің айтуынша, бұл тақырыпқа фильм түсіруді студент кезінде ашаршылық туралы алғаш естігенде ойлаған екен.

Фильмнің сюжеті бойынша ату жазасына кесілген Иштван Мадьяр қазақ ауылының жергілікті тұрғындарымен бірлесіп, қызыл әскермен күресуге мәжбүр.

Туынды Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бастамасымен «Ұлттық киноны қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша әзірленіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар