Өткен аптада 12 шенеунік ұсталды - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен аптада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 100 сотқа дейінгі тергеу амалын тіркеді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жедел тергеу қызметінің нәтижелері туралы өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен аптада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 100 сотқа дейінгі тергеу амалын тіркеді. 12 шенеунік ұсталды. 15-ке жуық қылмыстық оқиға бірқатар облыстардағы жергілікті атқарушы органдарда, атап айтқанда жер қатынастары және құрылыс, денсаулық сақтау саласында болған. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында білім беру саласында сотқа дейінгі сегіз тергеу тіркелді», - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі серіктестік департаментінің сарапшысы Сырым Елубаев.

Оның айтуынша, Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы іс-әрекеттерге қатысты, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Қостанай, Түркістан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында 30-ға жуық сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Ал Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында көліктік бақылау саласындағы сотқа дейінгі тергеулер тіркелді. Өткен аптада 11 сот үкімі шығарылды, олардың екеуі төтенше жағдай кезінде карантин режимін бұзғаны үшін пара алу бойынша. Пара берген үш мемлекеттік мекеменің басшысы, бір судья, әр түрлі деңгейдегі екі әкім, әкімдіктердің екі бас маманы, ішкі істер органдарының бір қызметкері және екі адам сотталды», - деп атап өтті ол.


Соңғы жаңалықтар