+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Отбасылық және гендерлік саясатта маңызды рөлді өңірлер атқарады – Ұлттық комиссия

2020 жылғы 21 қыркүйек 17:56
Бөлісіңіз:
Отбасылық және гендерлік саясатта маңызды рөлді өңірлер атқарады – Ұлттық комиссия

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Ләззат Рамазанованың жетекшілігімен Атырау облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссия мүшелері, өңірлік үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысқан онлайн кеңес өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлерде отбасылық және гендерлік саясатты іске асыру және Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізу мәселелерін талқылау мақсатында мұндай кеңестерді Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың өңірлік комиссия мүшелерінің, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткізу жоспарланып отыр.

Ләззат Рамазанова әйелдердің еңбегін қорғау, олардың мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде және корпоративтік салаларға қатысуын қамтамасыз ету мәселесіне Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев үлкен көңіл бөлетіндігін баса айтты.

«Ел дамуындағы Атырау облысының орны қашанда айрықша. Өңірдің қазіргі заманға сай экономикалық, әлеуметтік әлеуетінің қалыптасуына атыраулық қыз-келіншектердің үлесінің нәтижесі», - деді Ұлттық комиссия төрағасы.

Кеңесте мемлекеттік гендерлік саясаттың жаңа кезеңі ұлттық стратегиялық басымдықтармен және әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттарымен байланыстылығына басымдық жасалды.

Ләззат Рамазанова қоғамның әр саласында еңбек етіп жүрген әйелдерді, оның ішінде праймеризге қатысатын қыз-келіншектерді жан-жақты қолдаудың маңыздылығын айтты. Сонымен қатар бұл жұмыстың үйлестірушісі ретінде өңірлік комиссиялардың белсенділігін арттыру керектігі аталды.

Соңында Атырау облысының әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиясына бірқатар нақты ұсыныстар берілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT