+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Отбасылық құндылықтарды және гендерлік теңдікті насихаттау жөніндегі билбордтардың республикалық конкурсы өз мәресіне жетті

2009 жылғы 20 желтоқсан 13:39
Бөлісіңіз:

АСТАНА. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиын барысында отбасылық құндылықтарды және гендерлік теңдікті насихаттауға арналған билбордтар бойынша алғашқы республикалық байқаудың өз мәресіне жеткенін атап өткен ҚР Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әдіхалықова, «байқаудың негізгі мақсаты - отбасының беделін жаңғыртуға және қазақстандық қоғамның дамуындағы оның рөлін нығайтуға ықпал жасау», деп атап өтті.

Байқау қорытындысын жариялаған комиссия мүшесі Ирина Унжакованың айтуынша, оған еліміздің 9 облысынан 56 жұмыс ұсынылған. Қатысушылар арасында коммерциялық емес секторлардың, бизнес қауымдастықтың, шығармашылық интелегенцияның, сондай-ақ дизайнерлік және жарнама агенттіктерінің өкілдері болған.

Қазылар алқасының шешімімен «Ғасырдан ғасырға» атты туындының авторы Екатерина Горковенко бас жүлдені иеленді. Сонымен қатар байқауға қатысқан бірқатар азаматтар арнайы дипломдармен марапатталды.

Айта кетейік, республикалық байқау отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынастар, ұрпақтар сабақтастығы, балалы отбасы, отбасы мүшелерінің үй жұмысына қатысуы, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысуы атты 5 аталым бойынша өткізілген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT