«Отбасы банкі» басшысы зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылданатын нақты мерзімді атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –«Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылданатын нақты мерзімді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бағдарламаның басталуын тағатсыздана күтіп отырмыз. Ертең сағат 09.00-де, яғни жұмыс болмайтын сенбі күні өтінімді қабылдай бастаймыз. Біз демалыс күнін арнайы таңдап алдық. Уақыттың адамдардың бәрі де өтінім бере алатындай ыңғайлы болуын көздедік», - деді Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, азаматтар зейнетақының бір бөлігін кез келген үйді сатып алуға жұмсай алады. Яғни екінші нарықтағы баспананы да, жаңа үйді де сатып алу үшін ол соманы пайдалануға болады.

«Бұл жағынан ешқандай шектеу жоқ», - деді Ләззат Ибрагимова.


Соңғы жаңалықтар