«OTAU TV» спутниктік телевидениесі жаңа пакетін іске қосты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазтелерадио» АҚ ұлттық операторы спутниктік телехабар тарату желісінде сапасы жақсы шетелдік телеарналары бар «OTAU+» жаңа пакетін іске қосады, деп хабарлайды Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жаңа пакетте отандық 66 теле- және радиоканалдармен қатар, түрлі жанрдағы 11 шетелдік телеарна болады. Пакеттің құны айына 500 теңгені құрайды.
«OTAU TV+» пакетіне мынадай телеарналар қосылады: «РТР Планета», «Рен ТВ интер», «Домашний», «СТС», «Мама», «Мульт», «Cartoon Network», «Amedia-2», «Дом кино», «Cinema» және «Bollywood».
Еске салайық, «OTAU TV» спутниктік телеарнасында 66 отандық теле-, радио каналдар хабар таратуда, «Тегін» пакетінде (абоненттік төлемсіз) SD және HD форматтар бар.
Ақылы пакетті қосу үшін қосымша құралдар мен жинақтау жұмыстарының қажеті жоқ.
Ұлттық жерсеріктік телерадио хабарларын тарататын «OTAU TV» қызметі Қазақстан Республикасының барлық аумағы бойынша қол жетімді.
- Алматыда ми инсультін диагностикалайтын жасанды интеллект жүйесі таныстырылды
- Алматының ІT архитектура жоспары бекітілді
- Аида Балаева онлайн петиция бірыңғай платформасын құру үшін негізгі талаптарды атады
- Биыл ақпараттық қауіпсіздікті күшейту үшін қандай міндеттер жүзеге асырылады
-
Аида Балаева: Отандық телевизияның контенті мен сапасын күшейту керек
-
Әлеуметтік желілерде жалған валюта сатылып жатыр - Stopfake
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам