Отардағы жауынгерлік парад: Әскерилер шабуылға тойтарыс беруге дайын екендіктерін көрсетті

None
None
ОТАР. ҚазАқпарат - Биыл Жамбыл облысы Қордай ауданындағы «Отар» 40-шы әскери базасының аумағында ұйымдастырылған жауынгерлік парадтыңекінші бөлімі ерекше өтті. Қазақстан әскері мен арнайы қызметінің әскери қызметшілері өз әлеуетін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарулы Күштердің арнайы мақсаттағы бөлімі мен арнайы операциялар күштері авиация, жауынгерлік техника, танктер, жаяу әскердің жауынгерлік машиналары, ракета әскерлері мен артиллерия, сондай-ақ аумақтық қорғаныс құрылымының көмегімен заңсыз қаруланған құрылымдардың шартты базасын жойды.

nullБірінші бөлімде заңсыз қаруланған құрылымдардың базалық ауданына барлау жасалды, кейін барлау мақсаттары бойынша авиация және ракета әскерлері артиллериясы жойқын соққы берді.

nullЕкінші бөлімнің нәтижесінде - «брондалған тактикалық топтардың шабуылы» көрсетілді, құрамында танктер, соғыс машиналары  мен бронетранспортерлары бар тактикалық және мотоатқыш топтары шартты деп белгіленген қарсыластарға шабуыл жасады.

nullҮшінші бөлімде - аэроұтқыр десантының әуе-шабуыл әрекеті ұсынылды. Операция кезінде Қарулы Күштердің арнайы мақсаттағы және арнайы операциялар күші бөлімінің әуе десанты шабуыл, қону тәсілімен және фалмен түсуді көрсетті.

nullӘрі қарай елді мекендегі қарсыластар қоршауға алынды.  Мұнда оқ жаудыру арқылы қолдау көрсетінен ротаның әскери қызметшілері жұмылдырылды. Соңғы бөлімде заңсыз қаруланған содырлар базасы жойылды. Әскери әрекеттер шартты қарсыласты жою үшін парашютшілердің түсуімен аяқталды.

nullПарад бір сағаттан астам уақытқа созылды. Кейін көрермендер әскери техника көрмесімен танысты.

nullЕске салайық, жауынгерлік парадқа 3 мыңға жуық әскери қызметші, 300-ден астам әскери техника және 40-қа жуық авиация техникасы қатысқан болатын. Берілген тапсырмалар сәтті орындалды.

nullЕлбасы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  парадқа қатысушыларға алғыс білдірді.

nullҚазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан әскерінің жауынгерлік қуаты мен әскери қызметшілердің кәсіби жұмысын республикалық телеарналардан және ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтынан, сондай-ақ ҚазАқпарат сайтынан тамашалады.
nullnull

Соңғы жаңалықтар