Отандық кәсіпорындар кеше 748 мың дана бетперде шығарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте отандық кәсіпорындар 748 мың дана бетперде шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2020 жылғы 7 шілдедегі жағдай бойынша елімізде тәулігіне 748 мың дана бетперде өндірілді. Оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар 549 мың дана, тігін – 199 мың дана өндірді. Қоймаларда 3 798 мың дана бетперде бар. Тиісті ақпарат «СҚ-Фармация« ЖШС-на беріліп тұрады. Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімді ел өңірлеріне бөледі.
Медициналық бетперделердің ірі өндірушілерінің бірі «Dolce-Pharm« фармацевтикалық компаниясы болып табылады. Өткен тәулікте кәсіпорын 210 000 дана бетперде шығарды», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар