Отандық дәрі-дәрмек өндірушілердің үлесі 30% артты – Премьер-Министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл фармацевтика өнеркәсібінде – 34,1%, инвестицияларда 5,2% серпінді өсу байқалады. Бұл туралы Премьер-Министрі Асқар Мамин айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Фармацевтика өнеркәсібі экономиканың өте маңызды секторы және халық өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығының негізі болып табылады. Биыл фармацевтика өнеркәсібінде – 34,1%, инвестицияларда 5,2% серпінді өсу байқалуда. Танымал компаниялардың, оның ішінде трансұлттық компаниялардың қатысуымен 41 жоба іске асырылды, оның ішінде антибиотиктер, алколоидтер, антисептиктер шығаратын жеке қорғаныш құралдарын және хирургиялық мақта шығаратын аса ірі компаниялар бар», - деді Премьер-Министр бүгінгі Үкімет отырысында.

Бұл шаралар арқылы Үкімет басшысы 5 мыңнан астам жұмыс орны құрылғанын еске салды.

«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуда отандық өндірушілердің үлесі 30% дейін өсті, бұл көрсеткіш тұрақты өсіп келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пікіріне сәйкес, елдің дәрі-дәрмектік қауіпсіздігі өзіндік фармацевтика өндірісі кемінде 30% болған жағдайда қамтамасыз етіледі, ал ұсынылып отырған Кешенді жоспардың арқасында 2025 жылға қарай өз өндірісімізді нақты мәнде 50% дейін жеткізе аламыз», - деді Асқар Мамин.

Айта кетейік, Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов «Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» таныстырды.

https://kaz.inform.kz/news/otandyk-farmacevtikaga-kanday-koldau-korsetiledi_a3702753


Соңғы жаңалықтар