Отандастар қорының мақсаты - әлем қазақтарын тарихи Отаны төңірегінде біріктіру

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2017 жылы маусым айында өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шет елдердегі этникалық қазақтарды қолдау мақсатында «Отандастар қорын» құруды тапсырып, Қазақстанның қоғамдық жаңаруы аясында өзле мемлекеттердегі қандастарымызды қолдауға бағытталған бірқатар тапсырмалар берген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы тапсырмаларды орындау мақсатында Қазақстан Үкіметі 2018-2022 жылдарға арналған шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті (2018 ж. 18 мамыр).

Іс-шаралар жоспары бойынша шетелдегі этникалық қазақтардың білім алуына және тілін сақтап қалуына жағдай жасау, олармен мәдени-гуманитарлық және ақпараттық-үйлестіру байланыстарын қамтамасыз ету, шетелдегі және отанына көшіп келген қазақ диаспорасына қолдау үшін ДҚҚ жұмысын жандандыру көзделген. Бұл бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2018 жылдың қазан айында өз жұмысын бастады.

Қазіргі уақытта «Отандастар қорының» жалпы ұстанымының мәселелері пысықталды (2019 - 2022 жж. арналған Жол картасы).

Негізгі идеология - Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен бірлесіп, бүкіл әлем қазақтардың тарихи және этникалық Отаны төңірегінде бірлестіру.

Біздің мақсатымыз - ұлттық бірегейлікті сақтау, еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болу, қазақ диаспорасы бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру.

«Отандастар қоры» КЕАҚ өз жұмысын жобалық кеңсе форматында, отандастар үшін қызмет көрсетудің бірыңғай операторы ретінде ұйымдастырады.

«Отандастар қорының» барлық жобалары 7 бағытқа үйлестірілген.

Диаспоралық саясат бағдарламаларын әзірлеу.

2. Байланыс-орталығы мен қоғамдық қабылдау жұмысын үйлестіру.

3. «Отандастар» диалогтық алаңдарын құру.

4. Білім беру жобалары арқылы шетелдегі қазақ диаспораларының балаларына Қазақстанда білім алуға ықпал ету.

Қазақ мәдениетін ілгерілету.

6. Қазақ диаспорасы мен қазақстандық бизнес өкілдерінің іскерлік байланыстарын орнатуға және нығайтуға ықпал ету.

7. Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы айналасында әлемдегі қазақ диаспораларының бірыңғай құрылымдық жүйесін құру.

Негізгі басымдық - шет мемлекеттен елге келемін деген отандастарды қолдаудың кешенді бағдарламасын әзірлеу, көшіп келген ағайындарды тұрғын үймен, жұмыспен қамту, оқыту және әлеуметтік тұрғыдан бейімдеу. Сондай-ақ шетелде тұратын талантты, білімді қазақтарды елге тартып, оларға жағдай жасауға негізделмек.

Сонымен бірге диаспоралық саясат бағдарламасын әзірлеп, қазақтардың өмір сүріп жатқан елдердегі тіршілік ерекшеліктеріне сәйкес бизнес моделін жасап, ондағы диаспора өкілдерін елге көшіру тетіктерін қарастыруға маңыздылық берілуде.

Жалпы қазіргі уақытта диаспора мәселелері бойынша отандастар туралы жинақталған мәліметтерді өзектендіріп, қосымша зерттеулер жүргізіп, жүйелендірумен айналысып жатырмыз. Соның негізінде ағымдағы жылдың соңына дейін отандастарды қолдаудың кешенді бағдарлама жобасына демографиялық, экономикалық, миграциялық және басқа да аспектілерді қамтыған, нақты ғылыми тұрғыдан негізделген ұсыныстар әзірленетін болады.

Осы ретте, елдер бойынша қазақ диаспорасының мәселелері мен Қазақстандағы репатрианттардың мәселелерін зерттеу және шет елдердегі отандастарды қолдау және оларды тарихи Отанына қайтару бойынша озық халықаралық тәжірибелерді зерделеу шаралары қолға алынды.

Осы және басқа да жұмыстара қоғам өкілдерін белсенді тарту мақсатында «Қоғамдық комиссия» және «Ғылыми-сараптамалық кеңес» сұхбат алаңдары құрылды. Бұл диаспоралық саясат мәселелерін өзектендіріп, сарапшылармен талқылауға және ілгері жылжытып отыруға игі әсерін тигізеді.

Соңғы жаңалықтар