Отандастар қоры online-nauryz мерекесін өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен «Отандастар қоры» алыс-жақын шетелдегі қандастардың басын қосқан «ONLINE-NAURYZ» мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Онлайн режимде өткен шараға әлемнің түкпір-түкпіріндегі АҚШ (Бостон, Чикаго), Иран, Германия, Швеция, Дания, Моңғолия, Ресей, Түркия мемлекетіндегі қазақтар белсенді қатысып, атамекеніне ыстық сағынышын жеткізді. Дархан көңілді қандастарымыз бір-бірін құттықтап, барша қазақ халқына ыстық лебізін білдірді.
Өз кезегінде «Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов барлық қатысушыларды ұлық мейрам Наурызбен құттықтады. Өткен жылы табысты еңсерілген жобаларды қорытындылап, биылғы жылдың жоспарымен бөлісті.
Қазіргі уақытта әлемді дүрліктірген жұқпалы коронавирус дертіне қарамастан, дүниежүзіндегі қандас бауырлар тілегі бір арнаға тоғысты. Туған жер топырағы мен жусан иісін аңсаған әр қазақ жүрегіндегі сағыныш алауы мәңгілік өшпейді. Қазақ халқының ортақ отаны – Қазақстан Республикасы.
Заманауи онлайн форматта өткен басқосу алысты жақындатып, ағайынды бір-бірімен табыстырыды. Барлық қатысушылардың ризашылығына бөленген шараны келешекте де өткізу жоспарланып отыр.
«ONLINE-NAURYZ» мерекесінің тікелей эфирінің түсірілімін мына сілтемеден көруге болады.
- Сайлау-2021: Англиядағы локдаунға қарамастан қазақстандықтар белсенді дауыс беріп жатыр
- Баскетболдан Қытайдың Ұлттық лигасында ойнайтын қандасымыз жоспарымен бөлісті - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу
- Соңғы жылдарда бәсеңдеп қалған қандастар көшін жандандырамыз - Қасым-Жомарт Тоқаев
- Қытайдан келген 91 жастағы кейуана азаматтық алды
-
2020 жылы 12 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
Моңғолия кириллицадан бас тартып, көне жазуын жаңғыртпақ - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам