Отан алдындағы парызды өтейтін сәт туды - жасотандық Президент Жарлығы жайында

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы Жарлығын орындап, Отан алдындағы парызымызды өтейтін сәт туды. Мұндай пікірді «Jas Otan» жастар қанаты Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ержан Хамитов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы Жарлығын толықтай қолдаймын. Өзімде елімізді қорғайтын күн туса, Отанымызда қандай да бір қиындық болып, төтенше жағдай орын алып жатса, борышымды өтеймін деген ой санамда үнемі жүретін. Енді міне Мемлекет басшымыздың әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру Жарлығы шығып отыр. Сондықтан еліміздегі төтенше жағдай кезінде Отанымызға бар-күш жеріммен көмек көрсетуге дайынмын», - деді облыстық филиал төрағасы.

Сонымен қатар ол қазіргі уақытта жастарымыз Президенттің осы Жарлығына қолдау көрсетіп, әскери міндеттерін орындауға белсене атсалысатындығына сенімді екендігін айтты.

«Әскери борышты өтеу кез келген ер-азаматтың мойнындағы парызы деп санаймын. Сондықтан еліміз үшін осынау қиын кезеңде әскери міндеттілер арнаулы жиынға қатысатындығына сенімім мол», - деді Ержан Хамитов.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Қазақстан Президенті әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы Жарлық шығарған болатын.


Соңғы жаңалықтар