Осыны ескертемін: Президент МӘМС жүйесіне қатысты нақты тапсырма берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев МӘМС жүйесін енгізуде бірде-бір азамат медициналық қызмет аясынан тыс қалмау керектігін қатаң ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медициналық қызметтерге деген шағымдар әлі де баршылық. Сала жеткілікті деңгейде қаржыландырылмай жатыр. Бұл ретте міндетті әлеуметтік-медициналық әлеуметтік сақтандыруға зор үміт артылып отыр. Менің мәліметімше, облыстарда оны енгізу мен түсіндіру жұмыстары сапасыз жүргізілген. Бұған қатысты не айтар едіңіз?» - деген Президент Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты орнынан тұрғызды.

Министр өз кезегінде түсіндіру жұмыстары қазіргі таңда белсенді түрде жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«1 сәуірге дейін түсіндіру жұмыстарын нығайту үшін медициналық қызмет барлығы үшін жаңа сипатта көрсетіле бастайды. Жалпы, қазіргі таңда МӘМС қорында 1 трлн 315 млрд теңге бар», - деді ол.

Министрдің сөзін тыңдағаннан кейін Мемлекет басшысы бұл мәселе бойынша Біртановпен жеке сөйлесетінін айтып өтті.

«Бұл жүйені жүзеге асыру барысында бірде-бір адам мемлекеттік органдардың кемшілігінен тиісті медициналық қызметті ала алмай қалуы керек. Осыны ескертемін. Адамның сақтандыру мәртебесін анықтау барысында кез келген келіспеушілік пациенттің пайдасы үшін шешілуі керек», - деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Парламентте «Халық денсаулығы туралы» кодекстің қаралып жатқанын еске салды.

«Ол құжат біздің қоғамда біршама талқы туғызды. Сол себепті, аталмыш құжат ашық түрде талқыланып, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарын ескеруі тиіс», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар