Осы жылдың соңына дейін 30-ға жуық анықтама түрі жойылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы жылдың соңына дейін 30-ға жуық анықтама түрі жойылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылдың соңына дейін 30-ға жуық анықтама түрін беруді алып тастау жоспарлануда. Азамат қажет ететін мәліметтермен тікелей телефоны арқылы анықтама сұратпай-ақ бөлісе алады. QR-кодты көрсетіп, әлде мессенджер арқылы ұсынатын болады», - деді ол.

Министрдің айтуынша, онлайн қызметтер әрқашан да қолжетімді болуы тиіс.

«Бүгінгі таңда еgov-та қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін 500-ден астам ақпараттық жүйе мен 1500-ден астам интеграция жұмыс істейді. Яғни, еgov - бұл тек бет жағы, бірыңғай терезе сияқты. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеу қабілеттігін 99,9 пайызға дейін көтеру қажет», - деді Бағдат Мусин.


Соңғы жаңалықтар