Өскемендік волонтерлер тұрғындарға газет таратты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемендік волонтерлер тұрғындарға коронавирус туралы ақпараттар таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында облыстық фронт-офистің волонтерлері коронавирустың алдын алу шаралары бойынша әзірленген «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінің арнайы шығарылымдарын Өскемен қаласының азық-түлік сататын дүкендері, сауда үйлері мен базарлардағы халыққа таратты.

Сонымен қатар, тұрғын үйлер де қамтылды. Бұл акция қалалар мен аудандардағы волонтерлік штабтармен де ұйымдастырылып, жалғасатын болады.


фото: facebook.com
Соңғы жаңалықтар