Өскемендік студент газ түтіктерін тексеретін әмбебап робот жасап шығарды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде жоғары политехникалық колледждің студенті Вадим Шагалов газ түтіктерін тексеретін әмбебап роботты жасап шығарды. Бұл жөнінде ҚазАқпарат ШҚО ақпарат орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Болашақта жас өнертапқыштың бұл өнертабысы облыс орталығындағы зауыттарда іс-тәжірибе жүзінде қолданылады деп жоспарланған.

Бүгін аталмыш жобаның тұсаукесері өтті. Вадим Шагаловтың айтуынша, осы роботтың көмегімен газ түтіктеріндегі кедергілерді анықтауға болады.

Роботты телефон немесе ноутбуктің көмегімен басқаруға мүмкіндік бар.

«Шыны керек, жобаға алдағы уақытта бірқатар толықтыру енгізу қажет. Роботтың электронды бөлігін Arduino, Raspberry Pi және SLAMTEC сияқты аппараттық-бағдарламалық құралдардың көмегімен жабдықтадым. Жалпы, бұл робот арқылы қол жетпейтін жердегі олқылықтарды анықтап, оны фото-видеоға түсіруге болады», - дефді Вадим Шагалов.

Шара соңында колледж директоры Вадим Шагаловқа жылы лебізін білдіріп, алғыс хат табыс етті.


Соңғы жаңалықтар