Өскемендегі су қоймасын жалғыз аққу мекен етіп жүр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде жылы жаққа ұшпай су қоймасында қалып қойған аққудың тағдыры көпті алаңдатуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметінше, әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізу барысында Аблакетка кентінде орналасқан «Ертіс-2» саяжай қауымдастығынан табылған аққу жайлы материалдар зерттелген.

Аталған факті бойынша аумақтық инспекция мамандары Сол жағалау хайуанаттар бағының әкімшілігімен келіссөз жүргізіп, аққуды ұстағаннан кейін сонда орналастыруға рұқсат алды.

«Жуықта жедел әрекет ету бөлімінің инспекторлары су қоймасына барды. Алайда аққуды ұстау мүмкін болмады. Жабайы құс жанына адам жақындағанда қайта-қайта ұшып кетеді. Аққудың денсаулығы жақсы. Қажет болған жағдайда мониторингті ары қарай жалғастырамыз» делінген мәліметте.

Соңғы жаңалықтар