+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Өскемендегі экология мәселесін бірден шешу мүмкін емес – Даниал Ахметов

2020 жылғы 19 ақпан 20:08
Бөлісіңіз:
Өскемендегі экология мәселесін бірден шешу мүмкін емес – Даниал Ахметов

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласындағы экология мәселесін шешу мақсатында қандай шаралар атқарылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Вице-министр: Қар суын пайдалану үшін 28 шағын су қоймасы салынады Маңғыстау облысының тұрғынынан 500 келідей бекіре тұқымдас балық тәркіленді Түркістанда қаланы көркейту, көгалдандыру жұмыстары қарқын алды

«Соңғы 5 жылда экологиялық процестерді дамытуға 27 млрд теңге бөлінген. Ірі зауыттар да осы мақсатта қаржы жұмылдыруда. Біз кәсіпорын басшыларының барлығымен кездесіп, келіссөз жүргіздік. Осының нәтижесінде жуықта «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ арнайы фильтр орнатты. Алайда бұл аздық етуде. Ауадағы зиянды қалдықтар мөлшері әлі де көп», - деді Даниал Ахметов халық алдында есеп беру кездесуінде.

Оның айтуынша, өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған арнайы бағдарлама әзірленген. Мұндағы мақсат – зиянды қалдықтар мөлшерін 7 пайызға азайту.

«Әрине, 7 пайызды үлкен көрсеткіш деуге келмейді. Алайда талай жыл шешімін таппай келе жатқан экология мәселесін бірден шешу мүмкін емес», - деді аймақ басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT