+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Өскемендегі дүкенде әйнек жууға арналған улы сұйықтық сатылған

2021 жылғы 12 сәуір 13:04
Бөлісіңіз:
Өскемендегі дүкенде әйнек жууға арналған улы сұйықтық сатылған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы дүкенде әйнек жууға арналған улы сұйықтық сатылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мойнына пышақ сұғып алса да, қылмыскерді ұстаған полицей «Айбын» орденін алды ШҚО-да өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 180-нен астам адам жауапқа тартылды Өскеменде су қоймасында үш ер адам құтқарылды

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жуықта полицияның кезекші бөліміне «Қазақстандағы автохимияны өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінен арыз келіп түсті. Онда жазылғандай, Өскемендегі дүкен лицензиясы жоқ бола тұра құрамында метанолы бар (ҚР Үкіметінің 02.16.2015 жылғы №59 қаулысына сәйкес, улы заттар тізіміне енгізілген) әйнек жууға арналған сұйықтықты сатып келген.

«Бірлестік өкілдері сұйықтықты сатып алып «ОйлсертИнтернейшил» ЖШС-ға зерттеу жасатқан. Соның нәтижесінен сұйықтықтың құрамында 5,09% метанол бар екендігі белгілі болды. Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу соты қала көшелердің бірінде орналасқан дүкен иесіне және ондағы жұмысшыларға қатысты құпия тергеу амалдарын жүргізуге рұқсат берді», - делінген хабарламада.

Дүкенді және қоймаларды тінту барысында әйнек жууға арналған сұйықтықтың 484 данасы табылып, тәркіленген. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 301-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT