Өскеменде жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандар саны күрт өсті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында биыл кәмелеттік жасқа толмаған қыздарды зорлау фактілері күрт өсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасы басталды. Соның аясында өкілетті органдар қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Отырыста кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарға жол бермеу жайлы сөз қозғалды.

«2021 жылы кәмелеттік жасқа толмағандарға жыныстық сипатта қылмыс жасағандар саны күрт өсті. Нақты айтқанда, биылғы сегіз айда 16, ал өткен жылы тек 3 қылмыс тіркелген болатын. Оның ішінде 5 зорлау, 8 кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынасқа түсу фактілері. 6 қылмыс толық емес отбасыда жасалса, екі қылмыс өгей әкелерімен бірге тұрып жатқан жанұяда тіркелген», - деді қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары Орал Рыспаев.

Зардап шеккендердің жастары әр түрлі. Көбісі 13-тен асқан. Ал ең кішкентай құрбандар 7 және 8 жаста. Казіргі уақытта аталған әрбір қылмыс бойынша полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар