Өскеменде жыл басынан бері 50-ден астам алаяқтық тіркелген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 2020 жылдың басынан бері интернет арқылы несие рәсімдеуге қатысты 56 алаяқтық фактісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Контрафакт» жедел алдын алу шарасы барысында 3 өскемендіктің атына 160 мың теңгеге онлайн-несие рәсімдеген Алматы облысының тұрғыны анықталды.

«Сондай-ақ 1996 жылғы қыз құрбысының атына 156 мың теңге мөлшерінде онлайн-несие алған. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 190-бабымен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жыл басынан бері осы сынды 56 алаяқтық тіркелген», - делінген ведомство өкілдері.

Полиция қала тұрғындарына әлеуметтік желілерде жеке деректерді таратпауға және ғаламтордан тауар сатып алған кезде барынша абай болуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар