Өскеменде жоғары деңгейдегі ауаның ластануы тіркелді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жоғары деңгейдегі ауаның ластануы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мамандары соңғы күндері Өскеменде ауадағы зиянды заттардың жоғары деңгейі тіркелгенін хабарлады. 25 ақпан мен 2 наурыз аралығында қала ауасындағы зиянды заттардың рұқсат етілген концентрациясы төмендегідей өскен:

– көміртегі тотығы – 1,2-ге дейін;

– азот диоксиді – 1,4-ге дейін;

– күкірт диоксиді – 1,3-ге дейін;

– күкіртті сутек – 2,6-ге дейін артқан.


Соңғы жаңалықтар