Өскеменде жер үйде өрт шығып, бір адам қайтыс болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы Аврора көшесінде жер үйде өрт шығып, 1 адам көз жұмған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сағат 10.00 шамасында жеке тұрғын үйді қызыл жалын шарпыған. Сол маңайда келе жатқан полиция қызметкерлері өртті байқап, бірден көмекке ұмтылады. Тәртіп сақшылары үйден 1930 жылғы зейнеткерді сыртқа алып шыққан. Алайда түтінге түншыққан ол қаза болды.

«Оқиға орнына келіп жеткен №7 өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері тілсіз жауды ауыздықтады. Оның жалпы аумағы 3 шаршы метрді құраған. Өрттің шығу себебі пешті пайдаланған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болуы мүмкін» делінген ведомство мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар