Өскеменде жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі туыстарының үйіне қашып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі туыстарына қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 14 қазан түн кезінде жасөспірімдер үйінің басшылығы Үлбі полиция бөлімшесіне жүгінген. Олардың айтуынша, 17 жастағы тәрбиеленуші жоғалып кеткен.

«Полиция майоры Азамат Мамырханов пен полиция капитаны Әсем Сұраужанова дереу жасөспірімнің отбасы жайлы мағлұмат жинады. Анықталғандай, тәрбиеленуші Катонқарағай ауданы Солоновка ауылындағы туыстарының үйіне кетіп қалған. Тәртіп сақшылары 15 қазан күні оны жасөспірімдер үйіне жеткізді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бойжеткен стипендиясын алып Солоновка ауылына қарай бағыт алған көлікке мінгесіп рұқсатсыз кеткенін айтты.

«Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және біздің мекеменің ішкі тәртібіне орай тәрбиеленушілердің қозғалысын шектеуге тыйым салынады. Олар мұғалімнің рұқсатынсыз мекемеден басқа жаққа шығып кете алады. Алайда ешкімге ескертпей туыстарының және достарының үйіне қону, телефонды сөндіріп тастау мүлде дұрыс емес», - дейді «Жасөспірімлер үйі» ММ басшысының орынбасары Жанна Бошаева.


Соңғы жаңалықтар