+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Өскеменде Жамбыл Жабаевқа ескерткіш орнатылды

2019 жылғы 14 қараша 23:08
Бөлісіңіз:
Өскеменде Жамбыл Жабаевқа ескерткіш орнатылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде Жамбыл саябағында ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың ескерткіші салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Жоба облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен жүзеге асырылды. Ескерткіштің авторлары атақты мүсіншілер Сәрсен Сеитов пен Қазыбек Дулатов.

Ескерткіштің биіктігі екі жарым метрге жуық. Тастың үстінде домбырада ойнап отырған Жамбыл Жабаевтың қоладан жасалған бейнесі бірнеше баспалдақтан тұратын дөңгелек алаңы бар тұғырға орнатылған.




Ескерткіштің ашылу салтанатына Жамбыл Жабаевтың туыстары, өңірдің зиялы қауымы мен қала жұртшылығы, аймақ басшысы Даниал Ахметов қатысты.

«Ақынның шығармашылығы жазбаша және ауызша күйінде қазақ халқының арасында кеңінен таратылды. Оның туындыларынан Отанға деген махаббаты байқауға болады. Ол халықтың мұңы мен еркіндігін, тарихи тұлғалар мен батырлардың ерлігін жырға қосып, қоғамдағы келеңсіз жағдайларды сынға алып, шыншылдық туралы өлең шығарды. Ақынның туындылары ауызша түрде халық арасында таралып, кейіннен бірнеше тілге аударылды. Бүгінде оның шығармашылығын Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Чехия мен Словакия елдерінде жарық көрген кітаптардан да оқуға болады. Бұл саябаққа Жамбыл Жабаевтың есімі берілді. Сондықтан осы алаң шығармашылық кездесулер мен байқаулардың, танымал мәдениет және өнер қайраткерлерінің бас қосатын мекеніне айналсын», - деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда Жамбыл Жабаев атынағы 5 мектеп, 3 елді мекен, 33 көше бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT