Өскеменде жалған құжат жасаған есепші мемлекетке 247 млн теңге залал келтірген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында кәсіпкерлерге салықтан жалтаруға көмектескен есепші сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО экономикалық тергеу департаментінің мәліметіне сүйенсек, әйел адам пайда табу мақсатында жалған бухгалтерлік құжат жасаумен айналысқан.

Департамент қызметкерлері оған қатысты тергеу амалдарын аяқтады.

«Анықталғандай, ол 2017-2019 жылдар аралығында коммерциялық ұйымдарға заңсыз шот-фактура жазып келген. Осылайша, сол компаниялар бірнеше жыл салықтан жалтарды. Қала тұрғыны ашқан жалған мекемелерде жұмысшылар штаты, дүние-мүлік пен қоймалар болмады. Оның бұл әрекетінен мемлекетке 247 млн теңге мөлшерінде шығын келген» делінген хабарламада.

Өскемен қалалық № 2 сотының үкімімен айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 216-бабы 3-бөлігі және 28-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.


Соңғы жаңалықтар