Өскеменде вакцина алғандар арасында тұрмыстық техника ойнатылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында вакцина алғандар арасында тұрмыстық техника ойнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, ұтыс ойыны COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаның I компонентін 10 қыркүйек пен 1 қазан аралығында алған 18 жастан асқан Өскемен тұрғындары арасында өткізілді.

Жеңімпаздар әкімдіктің Instagram-дағы парақшасында тікелей эфирде анықталды. 6 адам iPhone және Samsung смартфонын, теледидар, тоңазытқыш, ноутбук және микротолқынды пеш ұтып алды.

«Ұтыс ойыны әділ әрі ашық өтті. Жүлделер үй шаруасындағы әйелдерге бұйырды. Олар жеңімпаз атанамын деп мүлде ойламағандығын айтты. Осындай ойындардың өткізіліп тұрғанын қолдаймыз. Бұл халықты екпе салдыруға тартудың тағы бір амалы. Өзім де вакцина алдым. Барша жерлестеріме вирусты жеңудің жалғыз жолы – вакцина екендігін тағы бір мәрте еске саламын», - деді қазылар алқасының мүшесі, Өскемен қаласының құрметті азаматы Серік Оразбайұлы.



Соңғы жаңалықтар