Өскеменде улы газ тараған көпқабатты үйден 40 адам эвакуацияланды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында улы газ тұмшалаған көпқабатты тұрғын үйден 40 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстан көшесіндегі көпқабатты үй тұрғындары құтқарушыларға хабарласып, газ иісінің сезілетіндігін айтқан. Оқиға орнына шұғыл жеткен департамент қызметкерлері қауіпсіздік мақсатында 40 адамды, оның ішінде 9 баланы эвакуациялады.

«Тексеру жұмыстарын жүргізгеннен кейін құтқарушылар үй жертөлесінен 3 оттегі мен 3 газ баллонын тауып сыртқа алып шықты. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін аталған үйге қызмет көрсететін ұйым қызметкері әкімшілік жауапқа тартылды. Құтқарушылар жертөлені желдетіп, қауіптің сейілгеніне көз жеткізген соң тұрғындарға пәтерлеріне оралуға рұқсат берді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары газ баллондарын тұрғын үйдің жертөлесінде сақтауға қатаң тыйым салынғандығын ескертеді.


Соңғы жаңалықтар