+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Өскеменде түтін тұмшалаған көпқабатты үйден 3 адам құтқарылды

2021 жылғы 12 мамыр 22:20
Бөлісіңіз:
Өскеменде түтін тұмшалаған көпқабатты үйден 3 адам құтқарылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында түтін тұмшалаған көпқабатты үйден 3 адам құтқарылып, 10 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-дағы демалыс орындарының дені туристерді қабылдауға дайын емес Шығыс Қазақстанда биыл 108 дала өрті тіркелді Павлодарда дүкен өртеніп, 47 адам эвакуацияланды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін көпқабатты тұрғын үйдің 7-ші қабатында орналасқан есептегіштің қысқа тұйықталуы салдарынан подъез ішін көк түтін тұмшалаған. Сол жерге жедел келген құтқарушылар бірінші кезекте 9 тұрғын мен 1 баланы эвакуациялады.

«Оттегі маскаларының көмегімен үш адам құтқарылып, қауіпті аймақтан шығарылды. Оның ішінде бір бала бар. Түтін 7-мен 9-қабат аралығына тарады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 1986 жылы туған азаматтардың бірі кеудесін күйдіріп алған. Белгілі болғандай, пәтерде электр қуаты сөніп қалған кезде ол автоматтан қоспақ болған. Жедел жәрдем дәрігерлері зардап шеккен тұрғынды ауруханаға жеткізді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, оқиға орнына департаменттің жеке құрамынан 29 адам мен 9 техника жұмылдырылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT