Өскеменде трамвай өртенді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Бүгін Өскемен қаласындағы Қазақстан көшесінде келе жатқан трамвайдан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өскемен көлік компаниясы» ЖШС директоры Михаил Чайка болған оқиғаның мән-жайын айтып берді.

«Күннің күрт жылынып кетуіне байланысты трамвай рельсіндегі қар еріген. Жолай өтіп бара жатқан көліктер су шашып, қоғамдық көліктің моторы ылғалданған. Бұл өрттің шығуына себеп болған», - дейді ол.

Оның айтуынша, трамвай бірден қалалық паркке жеткізіліп, тексерілуде.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде трамвайдың рельстен шығып кеткені хабарланған болатын.
Соңғы жаңалықтар