Өскеменде трамвай қозғалысы толықтай тоқтады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында трамвай қозғалысы толықтай тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһарда бүгін сағат 08.00-ден бастап трамвайлар жүрмейді. «Өскемен» көлік компаниясы» ЖШС мәліметіне сүйенсек, бұған Нұрмағамбетов көшесі мен Чехов көшесінің қиылысындағы трамвай желісінің үзілуі себеп болған.

«Осы учаскедегі желі әбден тозған. Оны ауыстыру келесі жылға жоспарланған еді. Жағдайды ауа райының күрт суытуы қиындатып отыр», - дейді компания өкілдері.

Қала әкімінің кеңесшісі Әлібек Тұрсымбетовтың айтуынша, қазіргі уақытта Нұрмағамбетов-Чехов көшелерінің қиылысында трамвай желісін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бірнеше сағат ішінде трамвайлар қайта жүретін болады.


Соңғы жаңалықтар