Өскеменде трамвай астына түсіп қалған жүргізушіге өтемақы төленді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Өскемен -Тәртіп» КМК машинасы мұзға тайып, трамвай мен жол бағанасының ортасында қалып қойған жүргізушіге барлық залалдың ақысын төледі.

Жақында ғана кәсіпорын мен жүргізуші Сергей Костенко медиативті келісімге қол қойып, оған тиісті қаржы төленген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұрын хабарлағандай, 24 қараша күні Өскеменде Тәуелсіздік даңғылында жол-көлік апаты орын алды. Жолдағы қалың мұздың салдарынан Сергей Костенконың шетелдік маркалы автомобилі жүріп келе жатқан трамвай мен жол бағанасының арасында қалып қойған. Машина ортасынан қақ бөліне жаздаған. Жүргізуші зардап шекпеді. Бұл ірі жол апаты желі қолданушылары мен қала сайтында үлкен дүрбелең туғызып, қызу талқыға салынды. Қала тұрғындары Мемлекет басшысына петиция жазып, өңірдегі жолдың нашарлығына байланысты кінәлілерді жазалауын сұраған.

Бүгін «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі осыдан бір ай бұрын тағайындалған «Өскемен-Тәртіп» КМК басшысы Тамара Рахымжановамен  қалалық әкімдікте өткен жолды тазалауға арналған кезекті жиналыстың соңында тілдескен еді. Әңгіме барысында, кәсіпорында кемшіліктердің көптігі, солардың бірі - техника жетіспеушілігі екендігі айтылды «Грейдершілер тапшы, саябақ техникалары өте ескі», - деп атап өтті Тамара Рахымжанова

Қазір кәсіпорында қаржылық бақылау және мүлікті түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Алайда жаңа басшы тәуелсіз аудит шақырып, барлық мәселелерді анықтап, содан соң техникалық актіге қол қоймақшы. 

Соңғы жаңалықтар