Өскеменде терек мамығының жиналуынан екі көлік өртенді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат –Өскеменде гараж боксында өрт шығып, екі автокөлік зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық басқармаға сілтеме жасап.

ТЖБ мәліметі бойынша, жексенбі күні Михаэлис көшесіндегі көппәтерлі үйдің ауласында орналасқан гараж боксында өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде «Митцубиси АМХ» (алдыңғы бөлігі) және «Тойота Калдин» маркалы автокөліктері жанып кетті. Құтқарушылар жалпы ауданы 5 шаршы метр болатын жалынды жедел сөндірді. Зардап шеккендер жоқ», - деп атап өтті ТЖ басқармасы.

Жағдайды анықтау барысында өрттің жақын маңдағы қоқыстардан терек мамығы мен жапырақтары гараж бокстарына ұшып жиналғаны анықталды.


Соңғы жаңалықтар