Өскеменде «Теңге - Қазақстан дәулеті» көрмесі ашылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында облыстық этнографияның мұражай-қорығында мұражай қорының экспонаттары мен облыстың жеке коллекция жинақтаушылары ұсынған «Теңге - Қазақстанның дәулеті» экспозициясы ашылды.

 Қазіргі таңда тарихи ақшаға айналған, яғни 1993 жылғы қарашада қабылданған қаржы реформасына сәйкес бұрынғы қолданыстағы алғашқы ұлттық банкноттармен қатар, заманауи теңгенің үлгілері көрсетілді. Олардың ішінде мерейтойлық және естелік медальдар мен банкноттар бар, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null  

Көрермендер негізгі экспозициядан бөлек, 18 ғасырдан бастап теңгенің айналымға келу уақытына дейінгі аралықтағы - Ресей патшалығы мен Кеңес Одағы дәуірінде қолданылған ақшаларды өз көздерімен көруге мүмкіндік алды. Олардың ең ежелгісі - 1725 жылы Императорлық монета сарайы шығарған тиын. Ондағы жазу крест белгісінде жасалған. Монета Бірінші Екатерина патшайымының дәуірінде шығарылып, бүгінде айтарлық қарайған - арадағы 300 жыл осындай белгісін қалдырған.

null  

Құны 5 тиындық аталмыш монета тарихи ескерткіш ретінде өте бағалы. Мұражай мамандары «Ақша» көрмесі тек нумизматтарға ғана емес, сондай-ақ қала тұрғындары мен оқушыларды да қызықтырғанын атап өтті. Көрермендердің осы санатына арнап арнайы экскурсия ұйымдастыруда. 

null 

Соңғы жаңалықтар