Өскеменде техникалық қызмет көрсету орталығы өртенді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы техникалық қызмет көрсету орталығы өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін сағат 11.16-да Мельничная көшесіндегі техникалық қызмет көрсету стансасында өрт шыққан. Бірден оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер сағат 11.47-де тілсіз жауды ауыздықтады.

Өрттің жалпы аумағы 120 шаршы метрді құраған. 1 автокөлік толықтай өртеніп кетсе, 2 көлікке зақым келген.

«Қызыл жалынның нақты неден шыққаны әзірге белгісіз. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 17 адам мен 4 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.



Соңғы жаңалықтар