Өскеменде тағы да трамвай өртенді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында трамвайдан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін Қазақстан көшесінде келе жатқан қоғамдық көлікті қызыл жалын шарпыған. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды сағат 11.34-те толықтай ауыздықтады.

«Өрт вагон астындағы арбашаның резеңке бөлігінен шыққан. Қазіргі уақытта жалынның жалпы аумағы анықталуда», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, 25 ақпан күні Өскеменде Қазақстан көшесінде келе жатқан қоғамдық көліктің моторы ылғалданып, соның салдарынан өрт шыққан болатын.


Соңғы жаңалықтар