+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Өскеменде полицейлер қарда жатқан жалаңаш ер адамды құтқарды

2019 жылғы 21 қараша 20:35
Бөлісіңіз:
Өскеменде полицейлер қарда жатқан жалаңаш ер адамды құтқарды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде полицейлер 35 градус аязда жолда қар үстінде жатқан жалаңаш ер адамды тауып алған. Тәртіп сақшылары оны үсік шалудан құтқарып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция басқармасына сілтеме жасап.

Оқиға 21 қарашада болған. Қалада сынап бағанасы минус 35 градус аязды көрсетті. Сағат 05.30-да шамасында «Қыран-74» патрульдік экипажы қарауылдау кезінде жолдың ортасында жатқан жалаңаш адамды тауып алған. Ер адам қар үстінде қимылсыз жатқан.

Ер адамды тауып алған полицейлер Қанат Асылғазин мен Дамир Ауғанбаев бірден «102»-ге хабарлап, жедел жәрдем шақырады. Қызметкерлер қатты тоңып қалған ер адамның бойын жылыту үшін патрульдік машиналарына отырғызып, көмек көрсетеді, алайда ер адам барынша қарсылық көрсетіп, өзін дұрыс ұстамайды. Қазіргі уақытта болған жағдайдың себептері анықталып жатыр.

Осылайша «Қыран-74» экипаж қызметкерлері адам өмірін сақтап қалды.

21-23 қараша күндері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өтуде, осыған байланысты түнгі уақытта қала мен оның маңындағы елді мекендерде полиция жасақтарының жұмысы күшейтілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT