Өскеменде перзентханада әйел мен нәресте көз жұмды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында перзентханада әйел мен нәресте көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазан айының ортасында Ана мен бала орталығында әйел мен нәресте көз жұмды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған факті бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

«Орталық қызметкерлеріне қатысты абайсызда адам өліміне әкеп соққан кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес басқа ақпараттар жария етілмейді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ алдағы уақытта полицейлер аталған мекемеге жоспардан тыс тексеру өткізуді жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар