Өскеменде өңірдің киелі жерлері туралы семинар өтті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Шығыс Қазақстанның киелі жерлері» атты семинар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан-Американдық еркін университетінде ұйымдастырылған шараның негізгі мақсаты – өлкенің қасиетті жерлерін насихаттау, дүйім жұртқа кеңірек таныстыру. Семинарға облыс мектептерінің тарих, география пәндерінің мұғалімдері қатысты.

«Әр елдің тарихи маңызы бар киелі жерлері болады. Бұл сол ұлтқа тән рухани дәстүр негіздерінің бірі. Кең байтақ Қазақстанда қасиетті жерлер жетерлік. Алайда осыған дейін сол мекендердің біртұтас тізбегі жасалмаған. Сондықтан Шығыс Қазақстанның киелі жерлері жайлы сыр шертетін электронды кітап шығаруды көздеп отырмыз», - дейді ҚАЕУ «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Динара Мамырбекова.

Шара барысында бірқатар тақырыпта баяндама жасалып, жиылғандарға Ақбауыр, Шілікті, Жибедай сынды киелі жерлердің тарихы таныстырылды.


Соңғы жаңалықтар