Өскеменде «Музей түні» өтті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Музей түні» өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстан Өнер музейінде «Музей түні» биыл онлайн форматта өтті. Шараның негізгі бөлігі – «Алаш асылдары» графикалық портрет байқауы болды. Бұл байқау Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Алаш үкіметінің көшбасшысы, қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына арналған.

Қысқа уақыт ішінде байқауға Өскемен, Семей қалалары мен Тарбағатай, Катонқарағай аудандарынан он жеті қатысушы 30 портретті (акварель, пастель, тушь, қауырсын, гуашь, аралас техника) ұсынды. Байқауға «Жаңғыру» шығармашылық бірлестігінің және Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері қатысты.

«Көрмеден Алаш қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейхан, дәрігер Халел Досмұхамедов, жазушы Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Жүсіпбек Аймауытов, қазақ әліпбиінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынов сынды бірқатар Алаш ардақтыларының асыл бейнесін өзгеше қырынан танисыз. Көрме барысында Қазақстанның халық жазушысы, ақын Олжас Сүлейменовтың 85 жылдық мерейтойы да аталып өтті. Жастар ақын шығармаларын мәнерлеп оқыды, - дейді Өнер музейінің қызметкері Толқын Тетепова.


Соңғы жаңалықтар