Өскеменде мемлекетке 10 млрд теңге зиян келтірген қылмыстық топ ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Қаржы мониторингі агенттігі мемлекетке 10 млрд теңге мөлшерінде залал келтірген бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы мониторингі агенттігі ақшаны заңсыз жылыстатуға қарсы белсенді күресті еліміздің барлық аумағында жүргізеді.

Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды заңсыз жазып берумен айналысатын қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істі аяқтады.

Тергеу барысында 6 адамнан тұратын топ 2014-2018 жылдар аралығында облыс аумағында заңсыз қызмет атқарған 30 қолма-қол ақша фирмасын құрғаны анықталды.

Фирмаларда қызметкерлер штаты да, мүлкі де, жиналмалы үй-жайлары да, өндірістік-техникалық базасы да болмаған және тіркеу орны бойынша орналаспаған.

Номиналды басшылардың ешқайсысы қаржы-шаруашылық қызметпен айналыспаған. Фирмаларда бухгалтерлік есеп және салық есебі жүргізілмеген.

Іс жүзінде кәсіпорындар салық төлеуден жалтару мақсатында «Рич Ресурс», «Тұмар ВКО», «Вос-Торг 1» компанияларымен тауарсыз шот-фактураларын, жүкқұжаттарын, шарттарын заңсыз жазып беру үшін пайдаланған.

Мемлекетке келген залалдың жалпы сомасы - 10,8 миллиард теңге.

Сот үкімімен топ мүшелері – Закир Исламов, Максим Александров, Олеся Гаськова, Ербол Уәлиев, Еркен Ануаров, Арман Маданов түрлі жылдарға бас бостандығынан айырылды.


Соңғы жаңалықтар