Өскеменде қыста жол тазартатын жаңа техникалар сатып алынуда
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сүйенсек, «Таза Өскемен» КМК-ға жаңа техникалар алынуда.
«Былтыр кәсіпорын паркі 17 заманауи техникамен толықты. Ең әуелі қала көшелерін тазалау процесін айтарлықтай жеделдеткен екі итальяндық вакуумді сыпыру-жинау көлігі сатып алынған. Қазіргі уақытта жаяу жүргіншілерге арналған жолды тазалайтын арнайы 5 трактор тәулік бойы жұмысқа тартылып отыр. Сонымен қатар бес жаңа МТЗ тракторы да пайдалануға берілген», - деді бөлімнің баспасөз хатшысы Владимир Землянский.
Қыста да, жазда да жұмысқа тартылатын 5 КамАЗ көлігі де техникалар қатарын толықтырған. Барлық жаңа техника жоғары тиімділікті көрсетуде. Автопаркті жаңарту жұмыстары келесі жылы да жалғасады.