Өскеменде құтқарушылар гаражға қамалып қалған тұрғынға көмекке келді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғыны гаражға қамалып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ер адам Серікбаев көшесінде орналасқан гаражға қамалып қалған. Сондай-ақ гараж ішіндегі көлік оталып тұрған. Мұны сол маңнан өтіп бара жатқан куәгерлер байқап қалып, құтқарушыларға қоңырау шалды.

«Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен жедел құтқару жасағының қызметкерлері гараждың темір есігін бұзып ашты. Құтқарылған ер адамның денсаулығы қанағаттандырарлық жағдайда. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығына оталып тұрған гаражда қалған жағдайда иіс тию қаупі жоғары екендігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар