+7 (701) 759 90 19
USD 376.43 EUR 407.11
RUB 5.76 CNY 53.55
Jańalyqtar

Өскеменде коронавирустың алдын алу шаралары түсіндірілді

2020 жылғы 28 қаңтар 22:57
Бөлісіңіз:
Өскеменде коронавирустың алдын алу шаралары түсіндірілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында дәрігерлерге коронавирустың алғашқы белгілері мен оның алдын алу шаралары түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Денсаулық министрі коронавирус бойынша қабылданған шаралар туралы айтты Елжан Біртанов: 20 ақпаннан бері 160 адам карантинге жатқызылды Иран Денсаулық сақтау министрінің орынбасары коронавирус жұқтырды

Бүгін Өскемендегі №1 қалалық ауруханасында өткен жиында Семей медициналық университеті жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасының доценті Ербол Смаилов дәрігерлерге коронавирус жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Медицина қызметкерлеріне вирустың басты белгілері мен инфекция жұқтырған адамға алғашқы көмек көрсету түрлері туралы кеңінен айттық. Әзірге біздің елде коронавирус тіркелген жоқ. Алайда бәріне дайын болғанымыз жөн. Бұл қауіпті вирус ауа арқылы да жұғады. Сол себепті қолыңызды жиі сабынмен жуып, үйді үнемі желдетіп таза ұстағаныңыз абзал» - дейді Ербол Смаилов.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да коронавирустың таралуына жол бермеу үшін жедел штаб құрылғандығы хабарланған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT