Өскеменде коронавирус жұқтырған зейнеткермен 198 адам байланыста болған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанның айтуынша, жұқпалы індетке 1938 жылғы әйел адам шалдыққан. Ол дәрігерлерге 1 сәуір күні өзі жүгініпті.

«Науқас бірден ауруханаға жеткізіліп, рентгенологиялық зерттеулер жасалды. Оған «пневмония» диагнозы қойылған. Пациенттен коронавируске қатысты алынған сынама оң нәтиже көрсетті», - дейді ол.

Басқарма басшысының сөзіне сенсек, зейнеткер қаңтар айында Ресейге барып келген. Қазіргі уақытта науқаспен байланыста болған 198 адам анықталып отыр. Олардың барлығы оқшауланды.

Айта кетейік, осымен ШҚО-да коронавирус жұқтырған 3 адам тіркелді. Бұған дейін Мысырдан демалыстан келген Семей қаласының 2 тұрғынынан вирус анықталған болатын.


Соңғы жаңалықтар