Өскеменде коронавирус жұқтырған екінші науқас 82 жастағы қария

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында коронавирус жұқтырған екінші адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«30 наурыз күні стационарға түскен 1938 жылғы ер адамға «пневмония» диагнозы қойылған. Бекітілген алгоритмге сәйкес, одан коронавирусқа сынама алынды. Сынама оң нәтиже көрсеткен. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы орташа», - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан.

Оның айтуынша, пациент бұған дейін коронавирус жұқтырған өскемендіктің туысы емес. Зейнеткермен байланыста болған 55 адам анықталып отыр. Соның ішіндегі 12 адамның сынамасы теріс нәтиже көрсетсе, қалған 43 адамның сынамасының нәтижесі әлі шыққан жоқ.

Айта кетейік, бүгінде Шығыс Қазақстанда 4 адам коронавирус инфекциясын (Өскеменде – 2, Семейде – 2) жұқтырған.


Соңғы жаңалықтар