+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды

2020 жылғы 18 қыркүйек 11:02
Бөлісіңіз:
Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында өрт шыққан көпқабатты тұрғын үйден 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Талдықорған полициясы оқ атқан бұзақыны ізін суытпай ұстады Полиция қызметкеріне қол көтерген адам ұсталды Бір аптада жол апатынан 40 адам қаза тапты – ҚР ІІМ

Шыңыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 17 қыркүйек күні түнгі сағат 23:00-дер шамасында Бурова көшесіндегі көпқабатты үйде қызыл жалын шыққан. Тілсіз жау бірінші қабат балпалдағындағы электрқалқанды шарпыды.

Оқиға орнына келіп жеткен №6 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері ең алдымен тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Құтқарушылар түтін басқан подъезден 30 тұрғынды, оның ішінде бес баланы сыртқа шығарған.

«Жалпы аумағы 0,5 шаршы метрді құраған өрт сағат 23:20-да сөндірілді. Электр есептегішінің пластикалық бөлшектері жанған. Зардап шеккендер болған жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өрттің шығу себебі – электр жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болуы мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT